(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2025 - 2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ...

2025 - 2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 172/29 шешімі

 

Осы редакция 2025 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 18216294 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 11867940 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 81671 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3436204 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 2830479 мың теңге;

2) шығындар - 14945738 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 160372 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 55048 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 215420 мың тенге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 52000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 52000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3378928 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 3378928 мың теңге.

2. 2025 жылға арналған Ақсу қаласының бюджетінде қалалық бюджеттерден ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі жалпы 300000 мың теңге сомада көзделсін, оның ішінде:

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі - 50000 мың теңге;

Қызылжар ауылдық округі - 50000 мың теңге;

Қанаш Қамзин ауылдық округі - 50000 мың теңге;

Евгеньевка ауылдық округі - 50000 мың теңге;

Достық ауылдық округі - 50000 мың теңге;

Қалқаман ауылдық округі - 50000 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.